АҚШ-тың Иранға қарсы уәждері қайталанбалы
Шіл 20, 2017 19:59 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы уәждерін қайталамалы және олардың шынайы жағдайға еш қатысы жоқ екендігін айтты.
Нью-Йоркте іс-сапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні АҚШ-тың PBS арнасына берген сұхбатында: «Өкінішке орай, АҚШ бұрыннан бері Иранға қарсы жауластық саясат ұстанып келеді. Бұл елдің жаңа үкіметі жауластық саясатын әлі жалғастырып келеді»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Вашингтонның Таяу Шығыс аймағының жағдайына қатысты жаңа көзқарасқа ие болу қажеттігін айтып: «АҚШ үкіметі барлық қате тәсілді таңдады. Бұл елдің одақтастары бір-бірін лаңкестікті қолдайды деп айыптайды»,-деді.
Тегтер