Тәжікстанда 12 лаңкестік әрекет залалсыздандырылды
(last modified Sun, 23 Jul 2017 02:32:22 GMT )
Шіл 23, 2017 08:32 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда 12 лаңкестік әрекет залалсыздандырылды

Тәжікстанның Ішкі істер министрі Рамазан Рахимзаде 2017 жылдың алғашқы алты айында Тәжікстанда 12 лаңкестік әрекеттің алды алынғанын мәлімдеп:

«2017 жылдың алғашқы алты айында Тәжікстанның қауіпсіздік күштері мен тиісті органдардың талпыныстарының арқасында ел аумағында 12 лаңкестік әрекеттің алды алынып, көп мөлшердегі жарылғыш заттар мен қару‑жарақ табылып, тәркіленді. Осы мерзімде Тәжікстанның 228 азаматы лаңкестік ұйымдарға мүше болды деген айыппен құрықталды»,‑деді.