Кабулдағы жарылыс құрбандарының саны артты
Кабулдың батыс бөлігінде болған жарылыс құрбандарының саны 24 адамға жетті.
Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ауғанстан ұлттық бірлік үкіметінің Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Мохаммад Мохақеқ кеңсесі Кабулдың батыс бөлігінде бомба қойылған көліктің жарылуы салдарынан 24 адамның қаза болып, екі адамның жарақаттанғаны туралы хабарлады.
Ауғанстан ІІМ ақпарат өкілі Наджиб Данеш те жарылыс құрбандары туралы мәліметті растады.
Мохаммад Мохақеқ – Ауғанстанның "Вахдате ислами" (Исламдық бірлік) партиясының жетекшісі. Ол жуырда "Джамиате ислами" партиясының атқарушы төрағасы Ато Мохаммад Нур және Ауғанстанның бірінші вице-президенті генерал Дустуммен бірігіп, президент Ашраф Ғаниге қарсы коалиция құрды.
Осы уақытқа дейін ешбір адам немесе топ жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.
Кабул арагідік қауіпсіздік күштері мен Талибандардың қақтығысы және лаңкестік жарылыстардың сахнасына айналады. Соның салдарынан қазірге дейін жүздеген адам қаза болған.