АҚШ армиясы ортақ штабының төрағасы Американың Иранның алдындағы қауқарсыздығын мойындады
(last modified Mon, 24 Jul 2017 12:21:45 GMT )
Шіл 24, 2017 18:21 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы ортақ штабының төрағасы Американың Иранның алдындағы қауқарсыздығын мойындады

АҚШ армиясы ортақ штабының төрағасы елінің Иранның алдында қауқарсыз екендігін мойындады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ армиясы ортақ штабының төрағасы генерал Джозеф Данфорд жексенбі күні Колорадо штатының Аспен қаласында: "Аймақта Иранмен күресу үшін жеткілікті бағдарлама мен мүмкіндігіміз жоқ.

Ресей де өз әскерін қайта құру бағдарламасы мен Грузия, Қырым түбегі мен Украинадағы әрекеттеріне байланысты АҚШ-тың нөмірі бірінші қаупі саналады",- деді.

АҚШ АҚШ армиясы ортақ штабы төрағасының айтуынша, бұл елдің әскерінің Ресейдің атомдық шабуылдарына төтеп бере алатын қауқары жоқ. ДАИШ тобы мүшелерінің Сириядан Еуропа мен АҚШ-қа қайта оралуы алаңдатарлық жағдай саналады.

АҚШ армиясы ортақ штабы төрағасының сөздері америкалық басшылар мойындағандай, бұл елдің әлемнің әртүрлі жерлерінде, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы араласушылық және әскери әрекеттері қақтығыстар мен тынышсыздықтардың шиеленісуіне соқтырған жағдайда айтылды.