«Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау үшін АҚШ саяси ерік-жігерді қажет етеді
https://itolqyn.com/news/world-i29264-Ортақ_қадам_бағдарламасындағы_міндеттемелерін_орындау_үшін_АҚШ_саяси_ерік_жігерді_қажет_етеді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындау үшін саяси ерік-жігерді қажет етеді»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 25, 2017 15:48 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау үшін АҚШ саяси ерік-жігерді қажет етеді

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындау үшін саяси ерік-жігерді қажет етеді»,-деп қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф 20 шілдеде «Нью-Йорк Таймс» газетіне сұхбат берді. Оның мәтіні кеше дүйсенбі күні жарияланды.

Зариф осы сұхбатта: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – АҚШ пен Иран арасындағы екіжақты келісім емес, көпжақты келісім. Әлемдік қауымдастықтың пікірінше «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сәтті келісім болып, көздеген мақсатқа жетті. АҚШ-тың жаңа үкіметі осы келісімге қатысты өзінің міндеттемелерін толық орындау үшін  тиісті шараларды атқаруы тиіс.

Барлық тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын  ізгі ниетпен орындауға күш салуы керек. Бұл мәселе баршаның мүддесіне сай болады»,-деді.