ДАИШ африкалық азаматтарды пайдаланады
https://itolqyn.com/news/world-i2938-ДАИШ_африкалық_азаматтарды_пайдаланады
ДАИШ африкалық азаматтарды өзінің кейбір лаңкестік шабуылдарында пайдаланады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 18, 2016 17:21 Asia/Almaty
  • ДАИШ африкалық азаматтарды пайдаланады

ДАИШ африкалық азаматтарды өзінің кейбір лаңкестік шабуылдарында пайдаланады.

Alsumaria ақпарат базасының мәліметі бойынша, Ирак басшыларының бірі Әди әл-Хадрон бейсенбі күні: «ДАИШ лаңкестік тобы соңғы қақтығыстарында, әсіресе Киркук облысындағы әл-Хавидже қаласында африкалық азаматтардан көмек алды. ДАИШ тобы ондаған африкалық жалдамалы мен содырды Нейнава облысының орталығы Мосулден әл-Хавидже қаласына ауыстырды»,- деді.

Әл-Хавидже қаласы Киркук облысындағы ДАИШ-тың маңызды базасы болып отыр. Бұл қала 2014-ші жылдың маусым айында ДАИШ-тың қолына түскен болатын.