Америкалық коалиция Сирия халқын қырып-жоюды жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/world-i29410-Америкалық_коалиция_Сирия_халқын_қырып_жоюды_жалғастыруда
АҚШ-тың басқаруындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалиция қырғи ұшақтарының сенбі күнгі Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысындағы әл-Майядин қаласына жасаған шабуылында ондаған адам қаза тауып, жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 30, 2017 15:03 Asia/Almaty
  • Америкалық коалиция Сирия халқын қырып-жоюды жалғастыруда

АҚШ-тың басқаруындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалиция қырғи ұшақтарының сенбі күнгі Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысындағы әл-Майядин қаласына жасаған шабуылында ондаған адам қаза тауып, жараланды.

Шабуыл барысында кемінде 10 бейбіт тұрғын, соның ішінде 5 бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Жергілікті дереккөздері америкалық коалиция қырғи ұшақтарының әл-Майядин қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын аудандарын нысанаға алғанын хабарлады.

АҚШ-тың басқаруындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалиция қырғи ұшақтарының сәрсенбі күнгі Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жасаған шабуылында 29 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл коалиция маусым айының 27-28-29 күндері Дейр эз-Зор облысындағы 90-нан астам  жазықсыз сириялықты қанға бөктірді. Олардың көбі әйелдер мен балалар еді.

АҚШ-тың басқаруындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалицияның Ирак пен Сирияға шабуылдарын  бақылайтын Airwars бақылау тобы жуырда: «2014 жылдан бері 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын америкалық коалицияның Ирак пен Сирияға шабуылдары барысында қаза тапты»,-деп хабарлады.