Ресей халқы мұсылмандар жайында оң көзқарас ұстанады
Там 02, 2017 20:30 Asia/Almaty
Ресейде жүргізілген сауалнамана нәтижесі ел халқының басым көпшілігінің мұсылмандар жайлы оң көзқарасқа ие екенін көрсетті.
«Левада» зерттеу орталығының сауалнамасы Ресей азаматтарының 59 пайызының мұсылмандар жайында оң көзқарасқа ие екенін көрсетті.
Бұл сауалнаманың нәтижесі бойынша ресейліктердің тек 13 пайызы ғана мұсылмандарды жақтырмайды екен. «Левада» зерттеу орталығы бұл сауалнаманы 2017 жылдың маусым айында бетпе-бет сұхбат алу арқылы жүзеге асырып, нәтижесін шілде айында жариялады.
Ислам – Ресейдегі екінші дін. Бұл ел халқының 20-23 миллионы – мұсылмандар.
Тегтер