Ресей халқы мұсылмандар жайында оң көзқарас ұстанады
https://itolqyn.com/news/world-i29520-Ресей_халқы_мұсылмандар_жайында_оң_көзқарас_ұстанады
Ресейде жүргізілген сауалнамана нәтижесі ел халқының басым көпшілігінің мұсылмандар жайлы оң көзқарасқа ие екенін көрсетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 02, 2017 20:30 Asia/Almaty
  • Ресей халқы мұсылмандар жайында оң көзқарас ұстанады

Ресейде жүргізілген сауалнамана нәтижесі ел халқының басым көпшілігінің мұсылмандар жайлы оң көзқарасқа ие екенін көрсетті.

«Левада» зерттеу орталығының сауалнамасы Ресей азаматтарының 59 пайызының мұсылмандар жайында оң көзқарасқа ие екенін көрсетті.

Бұл сауалнаманың нәтижесі бойынша ресейліктердің тек 13 пайызы ғана мұсылмандарды жақтырмайды екен.  «Левада» зерттеу орталығы бұл сауалнаманы 2017 жылдың маусым айында бетпе-бет сұхбат алу арқылы жүзеге асырып, нәтижесін шілде айында жариялады.

Ислам – Ресейдегі екінші дін. Бұл ел халқының 20-23 миллионы – мұсылмандар.