Пан Ги Мун Палестина жерінің жүздеген гектарының тартып алынуына наразылық білдірді
(last modified Fri, 18 Mar 2016 12:36:23 GMT )
Нау 18, 2016 18:36 Asia/Almaty
  • Пан Ги Мун Палестина жерінің жүздеген гектарының тартып алынуына наразылық білдірді

Сионистік режим Иордан өзінің батыс жағалауы аймағының 2 мың гектардан артық жерін басып алып, БҰҰ-ның наразылығына тап болды. Сионистік режимнің соғыс министрлігінің қарамағындағы палестиналық аймақтардағы Израильдің жұмыстарын ұйымдастырушы: «Нетаньяху үкіметінің бұйрығымен Иордан өзінің батыс жағалауының 2 мың гектардан астам жері басып алынды»,- деп мәлімдеді.

Нетаньяхудың қалашықтар құрылысына қарсы израильдік «Бүгінгі бейбітшілік» қозғалысы жасаған мәлімдемеде: «Бұл өткен екі жылдағы ең үлкен басқыншылық»,- деп жариялады.

Израильдің басып алу шешімі АҚШ Вице-президенті Джо Байденнің басып алынған жерлерге жасаған екі күндік сапары кезінде қабылданды.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Израиль режимінің басып алынған Палестина жерлеріндегі билеп-төстеушілік саясатына наразылық білдіріп, сионистік режимнен Иордан өзінің батыс жағалауындағы тартып алған жерлерді қайтаруды талап етті.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Стефан Дуджарик Пан Ги Мунның наразылығын жариялап: «Израильдің палестиналық жерлерде қалашық құрылысымен айналысуы халықаралық заңдарға қайшы. Сол себепті БҰҰ-ның Бас хатшысы қалашықтар құрылысын тоқтатуды талап етті»,- деді.

2009-шы жылдан осы кезге дейін Нетаньяхудың үш кабинеті қалашықтар құрылысын өздерінің басты мәселесі етіп қойып, халықаралық қоғамның наразылықтарына қарамастан Палестина жерлеріндегі құрылысты тоқтатпай отыр.

Нетаньяху үкіметі қалашықтар салу саласындағы жаңа жобасымен басып алынған жерлердегі құрылысты иемденді. Израиль режимінің кабинеті әрекеттерінің жалғасында қасиетті Құдс пен исламдық және христиандық мекендердің болмысын өзгеру мақсатында шамамен 25 миллион доллар бөліп отыр.

Бұл бюджет Барақ аймағындағы әл-Ақса мешітінің айналасындағы құрылыс жобаларын іске асырып, мешіттің астынан туннель қазуға арналған. Басып алынған Палестина жерлерінде қалашық құрылысын жүргізу Қауіпсіздік кеңесінің ғасырдың 60-70-ші жылдарында шығарылып, Израильден басып алынған жерлердің болмысын сақтап, Иордан өзінің батыс жағалауы мен Құдсты басып алуды тоқтату және әскерін шығаруды талап еткен №242-ші және №338-ші қараларына қайшы келеді.

Израиль еш уақытта бұл шешімдермен санасқан емес. Нетаньяху билігі кезінде мыңдаған палестиналық жерлері мен үйлерінен айырылып, босқынға айналды. Әлем палестиналықтардың жерлеріндегі қалашықтар құрылысын адамзат құқығына қайшы деп санайды. Өйткені палестиналықтар сионистік мигранттарға орын босатып, үйлерінен кетуге мәжбүр. Бірақ Израиль басшылары халықаралық жүйенің талаптарына назар аудармай, палестиналық жерлерде қалашықтарының құрылысын тоқтатпай отыр.