Иран мен Ресей банк саласында келісімге келді
(last modified Fri, 04 Aug 2017 11:59:50 GMT )
Там 04, 2017 17:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей банк саласында келісімге келді

Иран мен Ресейдің Орталық банктері басшыларының орынбасарлары Мәскеуде ИИР-ның РФ-дағы елшісі Мехди Санаидың қатысуымен екі ел арасында банк саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Иран Орталық банкі басшының орынбасары Ғоламали Камиаб пен Ресейдің Орталық банкі басшының орынбасары Дмитрий Скобелкин бейсенбі күні екі елдің банк саласындағы жұмыс топтарының бесінші ортақ отырысының соңында қараша айында ATM жүйелерін байланыстыру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Осы келісім бойынша, екі елдің азаматтары ATM жүйелері қосылғаннан кейін банк карточкалары арқылы ATM құрылғысынан ақша алып,  дүкендерде төлей алады.

Иран мен Ресейдің банк саласындағы қарым-қатынасы соңғы жылдары қарқындай түсті. Екі ел осыған қатысты келісімдерге жетуді экономикалық ынтымақтастықтардың жол картасын орындау аясында күн тәртібіне қойған.