Кремль Ресей мен АҚШ қарым-қатынасының нашарлауының салдарлары жайлы ескертті
(last modified Sat, 05 Aug 2017 15:52:59 GMT )
Там 05, 2017 21:52 Asia/Almaty
  • Кремль Ресей мен АҚШ қарым-қатынасының нашарлауының салдарлары жайлы ескертті

Кремльдің ақпарат хатшысы Ресейге қарсы жаңа санкциялар мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың оған қол қоюын сынға алып, Вашингтонға екі ел қарым-қатынасының нашарлауының қатерлі салдарлары жайлы ескертті.

Кремль сарайының ақпарат хатшысы Дмитрий Песков тілшілерге берген сұхбатында Дональд Трамптың Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың өте төмен деңгейінен туындайтын қатерді сараптауын қабылдайтындықтарын мәлімдеді. Дональд Трамп Twitter-дегі  парақшасында АҚШ Конгресінің Ресейге қарсы жаңа санкцияларды бекіту арқылы бұл елдің Ресеймен қарым-қатынасының бұрын-соңды болмаған деңгейде ушығуындағы рөлін сынға алып, жағдайды қатерлі деп сипаттады.

Песков Трамптың осы сөздеріне реакциясында: «Мәскеу мен Вашингтон арасындағы маңызды мәселелер бойынша әріптестіктің қатты құлдырауының қатерлі екенін Мәскеу қабылдайды»,-деді.

Трамп сәрсенбі күні АҚШ Конгресінде бекітілген Ресейге қарсы санкциялар заңына қол қойғанымен, ашулы мәлімдемелерінде оны кемшіндікке ие, асығыс қабылданған және кейбір жайттар бойынша АҚШ-тың Конституциясына кереғар деп атады.