Ресей Израильге Сирияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату бітімін бұзуы жайында ескерту жасады
(last modified Tue, 08 Aug 2017 01:19:38 GMT )
Там 08, 2017 07:19 Asia/Almaty
  • Ресей Израильге Сирияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату бітімін бұзуы жайында ескерту жасады

Сирияның оңтүстігіндегі Ресей әскери күштері қолбасшысының орынбасары сионистік режимге Сирияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату бітімін бұзатын болса, Ресейдің не істеу керектігін білетінін ескертті.

Сионистік режимнің Екінші телеарнасы Сирияның оңтүстігіндегі Ресей әскери бақылау күштері қолбасшысының орынбасары Алексей Кузиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап: «Тель-Авив Сирияға шабуылды бастамауы керек. Керісінше, осы атысты тоқтату бітіміне берік болуы тиіс. Ресей осы келісім туралы Израиль режиміне шарт қойып, егер бұл режим өз бетімен Сирияның оңтүстігіне шабуыл жасауға шешім қабылдаса, орыстар келісімнің орындалуын кепілдендіруші тарап ретінде Израильге қатаң қатынас көрсетеді»,-деді.

Бұл телеарнаның  хабарлауы бойынша, Израиль Ресей әскері Сирияның оңтүстігінде орналасқанынан кейін Сирия армиясы мен қарсыласу күштері шекарадан алыстайды деп күтті, бірақ бұл мәселе күн тәртібіне қойылмаған еді. Сириялықтар  осы аймақта қалатындарын кесімді түрде мәлімдеді. Израиль мұны күтпеген болатын.  Ресей мен АҚШ-тың Сирияның оңтүстігі жөніндегі келісімі Израиль үшін алаңдатушылық тудыратын үдеріске айналды, тіпті Тель-Авив кейінгі кездері соған қатысты ескертулер жасады. Израильдің бұл келісімнің принциптеріне қарсы екені ешкімге құпия емес. Ол бұл мәселені ашық жариялады. Бұл режим Ресейдің аталмыш  келісімнің сақталуы мен орындалуының бақылаушысы әрі кепілі болғанына наразы.