АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзған жағдайда жеңіліс табады
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзатын болса, басты жеңілуші нақ өзі болады",-деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Али Акбар Салехи Ливанның al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайда бұл әрекеттің жауапкершілігі АҚШ-тың мойнына артылады. Иран оған жауап бермейді, өйткені Атом қуаты халықаралық агенттігі Иранның өз міндеттемелері мен уәделеріне берік екенін 7 рет растады",-деді.
Атом қуаты ұйымының төрағасы: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының Еуропа одағы, Қытай, Ресей және әлемнің басқа да елдері тарапынан қабылданғанын ескере отырып, АҚШ-тың бұл келісімнен шығуы ешуақытта оның жалғасуына әсер етпейді",-деді.
Атом қуаты ұйымының төрағасы сонымен қатар Теһран-Мәскеу қарым-қатынасының бұрыннан бетер нығая түскенін айтып: "Иран мен Ресей ортақ жобаларды, соның ішінде Бушерде екі ірі, жаңа әрі дамыған атом электр стансасын салу жобасын талқылап жатыр",-деді.