АҚШ-тың Парсы шығанағындағы Иранға қарсы авантюристік әрекеттері жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i29718-АҚШ_тың_Парсы_шығанағындағы_Иранға_қарсы_авантюристік_әрекеттері_жалғасуда
АҚШ Теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығының ақпарат өкілі: "Сейсенбі күні бір ирандық ұшқышсыз ұшақ америкалық қырғи ұшаққа шамамен 100 метр қашықтыққа жақындады. Бұл қырғи ұшақ Парсы шығанағындағы бір ұшақ тасығыш кемеге қонуға талпыныс жасаған болатын",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 09, 2017 19:08 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Парсы шығанағындағы Иранға қарсы авантюристік әрекеттері жалғасуда

АҚШ Теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығының ақпарат өкілі: "Сейсенбі күні бір ирандық ұшқышсыз ұшақ америкалық қырғи ұшаққа шамамен 100 метр қашықтыққа жақындады. Бұл қырғи ұшақ Парсы шығанағындағы бір ұшақ тасығыш кемеге қонуға талпыныс жасаған болатын",- деп мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығының ақпарат өкілі Билл Урбан халықаралық әуе кеңістігінде ирандық ұшқышсыз ұшақ пен америкалық қырғи ұшақтың бетпе-бет кездесуі орын алғаны туралы уәж айтып: "Бірнеше рет үсті-үстіне жасалған радио байланыстарға қарамастан7 ирандық ұшқышсыз ұшақ америкалық F18 қырғи ұшағына жақын қашықтықта қауіпсіз әрі кәсіби емес маневрлер жасады.

Ирандық QOM 1 ұшқышсыз ұшағының маневрі ұшу амалдарына ұқсас әрі америкалық қырғи ұшаққа жақын биіктікте жасауы соқтығысу қатерін тудырды. Бұл халықаралық теңіз заңдарына қайшы",- деді.

Мұның алдында АҚШ-тың Парсы шығанағындағы авантюристік әрекеттерінің жалғасында АҚШ-тың USS Thunderbolt соғыс кемесі Парсы шығанағындағы бір кемеге ескерту түрінде оқ жаудырған болатын.

Иран басшылары Парсы шығанағындағы аймақтан тыс соғыс кемелерін бақылауды Иранның құқығы деп атап, олардың кез-келген заңсыз әрекеттеріне халықаралық заңдар негізінде жауап берілетінін баса айтқан болатын.