Иранның волейбол командасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Корея қомандасын жеңді
(last modified Sat, 12 Aug 2017 11:33:04 GMT )
Там 12, 2017 17:33 Asia/Almaty
  • Иранның волейбол командасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Корея қомандасын жеңді

Иранның волейбол командасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Корея командасын жеңді.

Иранның волейбол командасы жұма күні Иранның солтүстік-батысында орналасқан Ардебиль облысында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде 3:0 есебімен Солтүстік Корея командасын жеңді.

Иранның волейбол командасы осы жарыстың жалғасында сенбі күні өзінің екі кездесуінде қатарынан жеңіске жеткен Қытай командасымен кездеседі.

Әлем чемпионатының іріктеу жарысы тамыздың 10-14 күндері Ардебиль облысында өтіп жатыр.

Бұл жарыста ИИР, Солтүстік Корея, ҚХР, Катар және Қазақстан командалары бір-бірімен сайысқа түседі.