Америкалық қырғи ұшақтар Ирактағы ДАИШ басып алған аймақтарға қонды
(last modified Sat, 12 Aug 2017 15:22:12 GMT )
Там 12, 2017 21:22 Asia/Almaty
  • Америкалық қырғи ұшақтар Ирактағы ДАИШ басып алған аймақтарға қонды

Ирак халқының «әл-Хашд әш-Шааби» халықтық ерікті күштер ұйымы басшысының орынбасары бұл елдің ДАИШ басып алған аймақтарына америкалық қырғи ұшақтардың қонғанын хабарлады.

Әбу Мехди әл-Моһандес осы елдің астанасы Бағдадта өткен баспасөз отырысында «әл-Хашд әш-Шааби» күштерінің Ирак әскери күштерімен бірге Талль-Афарды азат ету амалдарын бастауға дайын екеніне тоқталып: «Америкалық қырғи ұшақтардың 2014 жылдан бері ДАИШ лаңкестік топтары басып алған осы қаланың маңына қонғанын дәлелдейін суреттер мен құжаттар бар"-деді.  

Осыдан бұрын ақпарат құралдары қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтарды тиеген америкалық он қырғи ұшақтың Мосулдың батысындағы Талль-Афардың маңына қонғанын хабарлады. Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади 2017 жылы 26 шілдеде бұл ел армиясының бар ерік-жігер және күш-қуатымен ДАИШ-ты Мосулдан қуғаны сияқты Талль-Афарды да бұл топтың басқыншылығынан азат етуге уәде еткен болатын. 
 

 

 

Тегтер