Пәкістанның Кветта қаласында болған жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i29834
Пәкістанның Белучистан штатының орталығы Кветтада болған жарылыс салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 13, 2017 15:04 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Кветта қаласында болған жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапты

Пәкістанның Белучистан штатының орталығы Кветтада болған жарылыс салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл жарылыс сенбі күні кешке Кветта қаласының Пишин Стоп ауданында орын алған. Мұнда Белучистан штатының жергілікті маслихаты, Заң университеті мен бірнеше жеке ауруханалардың ғимараттары орналасқан.

Пәкістан ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, бұл жарылыстың қуаттылығы соншалықты, оның дүмпуі бірнеше қашықтыққа естілген.

Осы оқиғадан кейін полиция күштері, армия мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына барып, сол жерді бақылауға алды.

Кветта ауруханалары да «дайын бол» жағдайына енгізілді.

Жарылыстың жауапкершілігін ДАИШ тобы мойнына алған жоқ.