Ауғанстанда Мирза Оланг аймағынан ортақ қабір табылды
Ауғанстанның Сари-Пул облысының баспасөз хатшысы Мирза Оланг аймағынан ортақ қабірдің табылғаны туралы хабарлады.
«Frans Press»-тің мәліметі бойынша, Сари-Пул облысының баспасөз хатшысы Забихолла Амани: «Сейсенбі күні Мирза Оланг аймағынан Талибан мен ДАИШ лаңкестік тобы қырып-жойған 42 әскери және әскери емес адамдардың мәйіттері көмілген үш қабір табылды»,- деп хабарлады.
Мәйіттердің арасында бастары кесілген балалар мен әйелдердің мәйіттері де бар.
Өткен аптаның басындағы Талибан мен ДАИШ топтарының Мирза Оланг аймағына жасаған ортақ шабуылы салдарынан 60-тан астам шиіт тұрғын, соның ішінде әйелдер мен балалар қырып-жойылды.
Ауғанстан армиясының күштері дүйсенбі күні Мирза Оланг аймағындағы Талибанға қарсы әрекетінде аймақты өз бақылауына қайтарды.