АҚШ-тың Ирандағы адам құқығына қарсы ұстанымдары: уәжден шындыққа дейін
(last modified Thu, 17 Aug 2017 09:03:02 GMT )
Там 17, 2017 15:03 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Ирандағы адам құқығына қарсы ұстанымдары: уәжден шындыққа дейін

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Вашингтонда АҚШ-тың дін еркіндігі заңына қатысты сөйлеген сөзінде Иранды діни азшылықтардың құқықтарын бұзды деп айыптап, Иранда олар қуғын-сүргінге ұшырауда деген уәж айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы әлемде дін еркіндігі құқығының бұзылуына қатысты екі түйткілге тоқталды:

Бірінші түйткіл – ДАИШ. Бұл лаңкестік топ әртүрлі діни және тайпалық топтарға басқыншылық жасап, адам ұрлап, құлдыққа салып, тіпті топ-топпен өлтіруге дейін барды. Тиллерсон АҚШ ДАИШ-пен күресіп жатыр деп: «Бұл күрес адам құқығы тұрғысынан Трамп үкіметі үшін басты басымдыққа ие»,-деді. Алайда, шындық бұл уәждерге керісінше жағдайды көрсетіп отыр.

Тиллерсон діни құқықты бұзу саласында Иранды екінші түйткіл деп атап: «Христиандар мен басқа азшылықтар Иранда қуғын-сүргінге ұшырап жатыр»,-деді.  Алайда Иранда діни азшылықтар ресми түрде танылған, яғни христиандар, зороастрлар мен иудейлер басқа азаматтар сияқты азаматтық құқықтарға ие. Иран Конституциясының 4-ші бабы азшылықтардың азаматтық құқықтарын сақтауды қуаттайды. Осы негізде діни азшылықтар Иран Мәжілісінде 5 орынға ие. 

АҚШ-тың адам құқығы тақырыбын теріс мақсатта пайдаланғысы келетіндігінде күмән жоқ. АҚШ-тағы адам құқығының шынайы тарихы алдамшы бетперденің артында жасырынған.  

Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Ата Бахрами осы жөнінде: «Өкінішке орай, АҚШ мәдениетінде, тіпті таухид пен теңдіктің жаршысы болуы тиіс кейбір шіркеулерде нәсілдік кемсітушілік, қара нәсілділер мен басқа түсті адамдардың төмендігі қабылданған іс»,-дейді. Ислам қуаттайтын адам құқығында түс, нәсіл, тіл мен басқада айырмашылық жоқ. Барлық адамдардың болмысы бір, бәрі белгілі бір құқыққа ие саналады.

Халықаралық Кешірім ұйымы өткен маусым айында адам құқығының жағдайы жайлы жариялаған есебінде: «Вашингтон адам құқығының бұзылуын тоқтату үшін ешқандай әсерлі қадам жасамады»,-деді.

Мынадай сауал туындайды: егер адам құқығын қорғау АҚШ үкіметінің басты бағдары болса, АҚШ-тың Сауд Арабиясы мен Израиль сияқты бала өлтіргіш режимдерді қолдауын, Сауд Арабиясының Йеменде адамдарды аштыққа душар етіп, тырысқақ сияқты қатерлі ауруларға шалдықтырған қылмыстарына үнсіздік танытуын қалай түсіндіруге болады?

Егер АҚШ-тың басымдығы адам құқығының бұзылуына алаңдаушылық болса, Трамптың Сауд Арабиясына сапары кезінде құны 100 млрд доллларды құрайтын қару-жарақ сату туралы келісімге қоюы қандай мағына береді?

АҚШ-тағы адам құқығы туралы дау-жанжал жалған есептер жариялау арқылы жабыла қалатын іс емес.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осыдан бұрын «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі – біз құрамында бар ұйымдардың бірі. АҚШ-тың осы кеңесте жұмысының жалғасуы мен оның Израильмен қатынасының арасында айқын байланыс бар» деп айтып, енді АҚШ дипломатиясындағы адам құқығының басымдығы жайлы сөз сөйлеуде.

АҚШ-тың адам құқығы жайлы уәждері қарама-қайшылыққа толы. Бұл қарама-қайшылықтар АҚШ-тың істері мен уәждері арасының тым алшақ екенін көрсетеді.