Иран мен Армения ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Иран мен Армения екі елдің еркін сауда-экономикалық аймақтары арасындағы әріптестікті кеңейту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Иранның еркін сауда аймақтары істерін үйлестіру кеңесінің хатшысы Акбар Туркан мен Арменияның Экономикалық даму және инвестиция министрі Сурэн Караян Ереванда екі елдің еркін сауда аймақтарының, әсіресе Ирандағы шекаралық Арас пен Арменияның Меғри еркін сауда аймақтары арасындағы әріптестікті кеңейту жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Иран мен Арменияның еркін сауда аймақтарындағы кәсіпкерлік мүмкіндіктер мен ирандық Арас пен армениялық Меғри аймақтарындағы белсенді компаниялардың ынтымақтастығын кеңейту бекітілген меморандумда көтерілген мәселелердің қатарын құрайды. Қос тарап еркін аймақтарда бірлескен зауыттар салудың маңыздылығына тоқталып, мыс өндіру зауытын салу туралы келіссөздерді бастауды ұсынды. Екі елдің лауазымды тұлғаларының айтуынша, бұл іс жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және өнеркәсіптің дамуына себеп болумен қатар, ортақ өнімдерді Еуразия және Еуропа аймағына экспорттау үшін қажет алғышарттар мен негіздер әзірлейді.