Ресейдің солтүстігінде 8 адам пышақпен шабуыл салдарынан жарақаттанды
(last modified Sat, 19 Aug 2017 15:46:56 GMT )
Там 19, 2017 21:46 Asia/Almaty
  • Ресейдің солтүстігінде 8 адам пышақпен шабуыл салдарынан жарақаттанды

Ресейдің ақпарат көздері бұл елдің солтүстігіндегі Сургут қаласында бір адамның пышақпен шабуыл жасауының салдарынан 8 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Ресей Прокуратурасының тергеу комитеті: "Сенбі күні пышақ ұстаған агрессивті ер адам Сургут қаласының орталығында 8 адамды жарақаттаған соң полицейлердің оғынан өлді", -деп хабарлады.

Бұл комитет осы оқиғада жарақат алған адамдардың ауруханаға жеткізіліп, емделіп жатқанын хабарлады.

Шабуылдаған адамның жеке басы мен  қандай мақсатты көздегені жайлы еш мәлімет жарияланбады.

360590 тұрғыны бар Сургут қаласы – Ресейдің солтүстігіндегі Ханты-Мансийск автономды округінің орталығы.