Иранның баскетболдан ұлттық құрама командасы Азия кубогында екінші орын алды
https://itolqyn.com/news/world-i30088-Иранның_баскетболдан_ұлттық_құрама_командасы_Азия_кубогында_екінші_орын_алды
Иранның баскетболшылары Ливанда өткен Азия кубогының соңғы кездесуінде жеңімпаз атануға лайық болуына қарамастан, Австралия командасынан оза алмады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 21, 2017 16:05 Asia/Almaty
  • Иранның баскетболдан ұлттық құрама командасы Азия кубогында екінші орын алды

Иранның баскетболшылары Ливанда өткен Азия кубогының соңғы кездесуінде жеңімпаз атануға лайық болуына қарамастан, Австралия командасынан оза алмады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жексенбі күні кешке Азия кубогы турнирінің финалында Иран мен Австралияның баскетбол командалары бәсекеге түсті. Кездесу соңында австралиялықтар 79:56 есебімен жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды.

Иран мен Австралия өздерінің бұған дейінгі топтық кезеңдегі барлық кездесулерінде ширек және жартылай финалда жеңіске жетіп, финалды кездесті.

Азия кубогы турнирінің соңында Иранның екі спортшысы осы жарыстың ең үздік ойыншысы атанды.

Иранның Мұхаммад Джамшиди мен Хамед Хаддади атты баскетболшылары Азия кубогының ең үздік ойыншыларының бестігіне кірді.