Әзірбайжан республикасының Cыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының орынбасарымен кездесті
(last modified Thu, 04 Feb 2016 02:55:55 GMT )
Ақп 04, 2016 08:55 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасының Cыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Әзірбайжан республикасының Cыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының орынбасарымен кездесуінде оның Бакуге жасаған сапарын қолдап: "Осындай сапарлардың осы елдің экономикасына көмегін тигізетіндігі даусыз" деді.

Эльмар Мамедьяров осы кездесуде ынтымақтастықтар мен гуманитарлық көмектерді кеңейту және Әзірбайжан республикасы мен Бакудегі БҰҰ бюросы арасындағы серіктестікті күшейту туралы кеңесіп, ой бөлісті.

Мамедьяров сондай- ақ Баку- Тбилиси- Ғарес темір жол жобасын іске асыру және "Транс Еуразия жолы" жобасын қуаттап,, БҰҰ- ның экономикалық комиссиясының бұл негізде қол ұшын беруіне үміт білдірді.