ДАИШ Испанияға қоқан-лоққы жасады
Там 24, 2017 21:08 Asia/Almaty
ДАИШ Испаниядағы лаңкестік шабуылдарын күшейтетіні туралы хабарлады.
Мадридте шығатын испаниялық El Pais газетінің мәліметі бойынша, ДАИШ лаңкестік тобы бейсенбі күні таңертең испан тілінде видео жариялап, Испанияда жүзеге асыратын көптеген лаңкестік шабуылдарды жоспарлағаны туралы хабарлады. ДАИШ өткен аптада Испанияның Каталония облысындағы туристер ең көп баратын Барселона қаласында лаңкестік шабуыл жасап, соның салдарынан кемінде Испанияның 15 азаматы шәһид болып, жүз адам жарақат алған болатын.
Тегтер