Иран мен Оңтүстік Корея несие келісіміне қол қойды
Иранның Инвестиция, экономикалық және техникалық көмектер жөніндегі ұйымы мен Оңтүстік Кореяның Eximbank агенттігі құны 8 млрд евроны құрайтын несие келісіміне қол қойды.
Несие келісіміне бейсенбі күні Сеул қаласында Иранның Инвестиция, экономикалық және техникалық көмектер жөніндегі ұйымының басшысы Мұхаммад Хазаи мен Оңтүстік Кореяның Eximbank агенттігінің директоры Чанг қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, Оңтүстік Кореяның Eximbank ұйымы Иран жобаларына 8 млрд евро көлемінде қаражат бөледі.
Иранның Инвестиция, экономикалық және техникалық көмектер жөніндегі ұйымының басшысы Мұхаммад Хазаи осы несиелік құжатқа қол қою мен оның іске асуын екі ел арасындағы қатынастарды кеңейтудегі маңызды қадам деп атап: "Иранның он екі банкі осы несиелік желіні пайдалану жөніндегі сауда агенттері саналады",- деді.
Оңтүстік Кореяның Eximbank агенттігінің атқарушы директоры Чанг бұл келісімнің жүзеге асуын ортақ мүдделерді қамтамасыз етуге негізделген екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың дамуындағы маңызды қадам деп бағалады.