Ресей лаңкестіктің әлемдік қатері туралы ескерту жасады
(last modified Fri, 25 Aug 2017 12:27:03 GMT )
Там 25, 2017 18:27 Asia/Almaty
  • Ресей лаңкестіктің әлемдік қатері туралы ескерту жасады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы лаңкестікті баршаға төніп тұрған қауіп деп атап: "Қазіргі жағдай тек Сирия мен оның айналасындағы елдермен шектелмей, барлық мемлекеттерді қамтып отыр.

Лаңкестік топтар шынайы қауіп төндіруде. Олар өздерінің Еуропа мен АҚШ-та және Азияның оңтүстік-шығысы мен орталық бөліктерінде орналасқанын көрсетіп отыр",- деп мәлімдеді.

Лавров сондай-ақ басқа елдер мен АҚШ арасындағы текетірестің шиеленісіп жатқанына сілтеме жасап: "Мәскеу халықаралық сахнада Вашингтонмен мағынасыз күрес пен тізбектелген санкция салу үдерісін бастаған жоқ. Америкалық басшылардың ақылға келетіндіктеріне үміттенеміз",- деді.