АҚШ "Ортақ қадам" келісіміне әсер ету үшін талпыныс жасауда
(last modified Sat, 26 Aug 2017 11:13:34 GMT )
Там 26, 2017 17:13 Asia/Almaty
  • АҚШ

АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамайтын ел ретінде саяси айла-тәсілдер арқылы Иранның халықаралық ядролық келісіміне біржақты түрде ықпал етуге талпыныс жасап отыр.

АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамайтын ел ретінде саяси айла-тәсілдер арқылы Иранның халықаралық ядролық келісіміне біржақты ықпал етуге талпыныс жасап отыр.

Никки Хейли Юкия Аманомен кездесуінен кейін Твиттердегі парақшасында: "АҚШ делегациясы Иранның ядролық келісіміне қатысты көптеген сұрақтарымен Венаға барып, Юкия Аманомен кездесуінде жақсы жауап алып қайтты. Алайда АҚШ-тың әлі де күмәндары мен алаңдап отырған жағдайлары көп. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің баяндамалары тек Иранның ядролық нысандарына байланысты ғана рас болуы мүмкін".

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің АҚХА бас директоры Юкия Аманомен кездесуінен кейін білдірген бұл ұстанымы АҚШ-тың осы арнайы ұйымға (АҚХА) қысым көрсету арқылы "Ортақ қадам" бағдарламасын Ақ Үйдің қалауындағы бағытқа салуды көздеп отырғанын дәлелдейді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің "Ортақ қадамға" қатысты ұстанымдарына жауап ретінде ИИР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бейсенбі күні: "Иран АҚШ-қа алдын болжай алмайтын саяси мақсаттар үшін халықаралық заңдарды теріс пайдалануға ешқашан рұқсат бермейді",- деді.

АҚШ-тың жаңа басшылары Иранның "Ортақ қадамға" қатысты өз міндеттемелеріне берік болғанын жақсы біледі. Сондай жағдайда біржақты түрде және АҚХА-ның рөлі мен міндеттерін өздерінше сараптау арқылы "Ортақ қадам" үдерісіне әсер етуге талпыныс жасауда. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына уақытша әсерін тигізген жалған мәселені сылтауратып, "Ортақ қадам" бағдарламасы үдерісіне ықпал ететін жағдай жасау үшін қайтадан сол кеңістікті тудыруға талпыныс жасап отыр.

Иранның ядролық бағдарламасының әскери мақсатты көздеу ықтималы туралы PMD ісі Иран мен "алтылық" топ арасында ядролық келісім немесе "Ортақ қадам" бағдарламасын бекітумен қатар жабылған еді. Кейбір тараптардың Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қолына жалған мәлімет бергені туралы мәселе ядролық келісімге қол жеткізбес бұрын біраз уақытқа Иранның ядролық бағдарламасы мен ядролық келіссөздер үдерісіне көлеңке түсірді. Кейбір тараптар Иранның әскери оралықтарда ядролық белсенділігі туралы уәж айтып отыр. Бұл уәж ешқашан дәлелденген емес. АҚХА-ның құзыретінен тыс мәселелерге араласу мақсатында агенттікке ықпал ету үшін талпыныс жасау Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуы үшін құрылған АҚШ-тың жаңа ойыны саналады. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның есебінен "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу үшін әрекет жасауда. Осы аяда Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің директорлар кеңесінің мүшесі Мұхаммад Джавад Джамали өткен сәрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының әскери мақсатты болу ықтималы туралы PMD ісінің жабылғанын баса айтып: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның әскери орталықтарын тексеруі заңсыз саналады. Ядролық келісім құжатына сәйкес, бұл халықаралық ұйымның тек ядролық сайттарды тексеруге ғана рұқсаты бар",- деді.

"Ортақ қадам" бағдарламасының іске асуымен 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры жарияланған жеті баяндамасында Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растады. Осындай жағдайда АҚХА тәуелсіз ұйым ретінде АҚШ-тың кеңістік тудыру әрекеттерінің ықпалына түспейді деп күтілуде. Осыған байланысты Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини мен АҚХА-ның бас директоры Юкия Аманоға жолдаған хаттарында: "АҚШ-тың бұл маңызды халықаралық ұйымға қысым көрсетуі "Ортақ қадамның" рухы мен мәтінін бұзу саналады. АҚХА осы мәселемен кәсіби түрде күресуі тиіс",- деп баса айтты.