Ресей: Сирияда жаңа лаңкестік бірлестік пайда болды
(last modified Sat, 26 Aug 2017 14:10:36 GMT )
Там 26, 2017 20:10 Asia/Almaty
  • Ресей: Сирияда жаңа лаңкестік бірлестік пайда болды

Ресей Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы: "Сирияда "Хейат-е тахрир әш-Шам" атты жаңа лаңкестік бірлестік пайда болды. Оның құрамындағылардың саны 25000 адамға жетті",-деп хабарлады.

Сенбі күні "Коммерсантъ" газеті Ресей Қарулы күштері бас штабының  қолбасшысы  генерал Игорь Коробовтың сөзіне сілтеме жасап: "Сирияға қарсы  жаңа лаңкестік бірлестіктің құрамында 70-тен астам топ жиналған. Олардың бірқатары бұрын ұстамды деп танылған наразылар. Бұл лаңкестік бірлестіктің топтары Сирия армиясы және ұстамды қарулы наразылармен Алеппо мен Дамаск, Идлиб пен Хама облыстарындағы шайқастарға қатысуда.

Сирия армиясы лаңкестермен күресте жаңа жетістіктерге қол жеткізді",-деді.