АҚШ полицейлерінің қолынан бір жылда 220-дан астам қара нәсілді қаза тапты
Өткен бір жылда АҚШ полиция қызметкерлерінің қолынан 220-дан астам қара нәсілді қаза тапты.
Америкалық "Huffington post" газеті бір мақалада америкалық футболист Колин Киперниктің (Colin Kaepernick) АҚШ полиция қызметкелерінің қолынан қара нәсілділердің қаза табуы мен нәсілшілдікке наразылық танытқанынан бір жыл өткеніне тоқталып: "Осы уақыт аралығында наразы футболист жұмыссыз қалды. Полиция күштері кем дегенде 223 қара нәсілдіні өлтірді",-деді.
"Huffington post" газеті бұл санның бұдан да көп болуы мүмкін екендігін айтып: "2016 жылдың 14 тамызы мен 2017 жылдың 14 тамызы аралығында полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқандар жайлы 160-тан астам іс бойынша құрбан болғандардың нәсілі жарияланбады немесе расталмады. АҚШ полиция қызметкерлерінің қолынан қара нәсілділердің қаза табуы құрбан болғандардың көбі қаруланбаған жағдайда орын алды", деп баса айтты.