Иран мен «алтылық тобы» СІМ-нің отырысы Нью-Йоркте өткізілуі мүмкін
(last modified Sun, 27 Aug 2017 13:51:10 GMT )
Там 27, 2017 19:51 Asia/Almaty
  • Иран мен «алтылық тобы» СІМ-нің отырысы Нью-Йоркте өткізілуі мүмкін

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Иран СІМ-нің «алтылық» елдері СІМ-мен Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында отырыс өткізуге әрекет ететінін айтты.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Али Акбар Салехи бүгін жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Иран СІМ-нің «алтылық» елдері СІМ-мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы Американың уәде бұзушылықтарына байланысты отырыс өткізу ықтималы туралы мәлімдеп: «Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф жақында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкио Амано мен Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Федерика Могериниге хат жазған болатын» деді.

Ол сонымен қатар Американың Иранның әскери орталықтарын «Ортақ қадам» бағдарламасы аясында аралау туралы уәждеріне тоқталып: «Америка «Ортақ қадам» бағдарламасына сызат түсіріп, өздеріне қажет сылтау әзірлеу үшін Иранды шешім қабылдатуға арандатуды көздеуде. Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қысым жасаудағы Американың әрекеттеріне реакциясы сезімтал реакция емес, нақты зерттеулер негізінде болады» деді.