Ресейлік екі банкте SWIFT жүйесінің қызметі тоқтатылды
Там 28, 2017 10:34 Asia/Almaty
АҚШ Ресейдің Темпбанк пен ұлттық коммерциялық банкіне қарсы Қырым аймағындағы жұмыстары үшін санкция салғаннан кейін бұл екі банкте SWIFT халықаралық банктік алмасулар жүйесінің қызметі тоқтатылды.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына жауап ретінде Мәскеудің экономикасының долларға тәуелділігін азайтатынын және шетелдік төлемдерді АҚШ долларымен өтеу мөлшерін азайту бағдарламасына бар назарын аударатынын мәлімдеп "АҚШ-тың санкциялармен күресу мақсатында импорттың орнын ішкі өндіріс тауарларымен алмастыру үшін қажетті шаралар көбірек жүзеге асырылатын болады" деді.
Тегтер