Жапония Солтүстік Кореяға зымыран атуына қатысты ескерту жасады
(last modified Tue, 29 Aug 2017 09:28:41 GMT )
Там 29, 2017 15:28 Asia/Almaty
  • Жапония Солтүстік Кореяға зымыран атуына қатысты ескерту жасады

Жапония үкіметінің баспасөз хатшысы елінің Солтүстік Кореяның зымыран атуына жауап қайтаратынын ескертті.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Жапония үкіметінің баспасөз хатшысы Ёсихидэ Суга бүгін, сейсенбі күні журналистердің алдында Токиода сөйлеген сөзінде: «Солтүстік Кореяның зымыран сынағы Жапония үшін қауіп-қатер тудырады. Бұл әрекет БҰҰ-ның қарарларын бұзу саналады»,- деп қуаттады.

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ де Пхеньян зымырандық сынақ өткізген соң: «Токио өз халқын қорғау үшін кез келген  әрекетке барады»,- деді.

Солтүстік Корея сейсенбі күні таңертең зымыран атты. Сол зымыраны Жапонияның кеңістігінен өтіп, Тынық мұхиттағы осы елдің Хакайдо аймағына жақын жерге түсіп, Жапонияның солтүстік аймақтары тұрғындарының қорқынышына себеп болды .