Могерини: "Ортақ қадам" бағдарламасы – халықаралық келісім
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының халықаралық келісім екенін бірнеше рет қайталадық. Сондай-ақ, бұл тақырыпты алдыңғы айларда тағы да қайталау керектігін сезіп отырмыз. Себебі, бұл мәселе халықаралық қауіпсіздікпен тығыз байланысты",-деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Федерика Могерини дүйсенбі күні жазғы демалыстан кейін Брюссель қаласында өткен Еуроодаққа мүше елдер өкілдерінің 2017 жылғы конференцияның басында АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің сөзіне астармен жауап беріп: "Иранмен ядролық келісім Еуроодақтың сыртқы саясатта қолайлы тәсілді қолданып отырғанын көрсетеді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен қорғалған. Атом қуаты халықаралық агенттігімен расталған бұл келісім бір жағынан бүкіл халықаралық қауымдастықтың, екінші жағынан Иранның алған міндеттемесі",-деді.
Ол, сондай-ақ, ИИР Президенті Хасан Руханидің өз елінің "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауды жалғастыруға толығымен беріктігі жайлы сөзінің осы бағдарламаның орындалуын кепілдендіріп, жүрек жылытатынын айтты.