Трамп Сауд патшасымен телефон арқылы сұхбатта Катар дағдарысын саяси жолмен шешуді қуаттады
АҚШ президенті Сауд Арабиясының патшасымен телефон арқылы сұхбатта Катар дағдарысын саяси және дипломатиялық жолмен шешуді сұрады.
Дональд Трамп Салман бин Абдул-Азизбен телефон арқылы сұхбатта Катар дағдарысына қатысты дипломатиялық шешім жолын табу қажеттігін қуаттады. Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ мен Мысыр х.ш.ж.с.б хордад айының ортасында Катармен қарым-қатынастарын үзіп, соның салдарынан Парсы шығанағы аймағында жаңа дағдарыс пайда болды. Бұл елдер Катарды лаңкестікке қолдау жасайды деп айыптады. Алайда Катар бұл уәждерді теріске шығарды. Ақ үй өз мәлімдемесінде: "Трамп Салман корольмен телефон арқылы сұхбатта Катар дағдарысына қатысты барлық тараптардан бұл дағдарысты тоқтату үшін дипломатиялық бір шешімге келуді сұрады",- деді.