Түркия президенті НАТО-ның ДАИШ-ке көмек көрсеткені туралы құпияны әшкере етті
Түркия приезиденті Режеп Тайып Ердоған: "Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына (НАТО) мүше бір ел ДАИШ лаңкестерін қаруландыруда негізгі рөл атқарады",- деп мәлімдегенімен,
ДАИШ лаңкестік тобын қаруландырып отырған мемлекеттің атын атамады. НАТО ұйымына мүше елдердің арасында лаңкестік топтарға, әсіресе ДАИШ-ке көмек көрсетуде АҚШ-тың ең негізгі рөлді атқаратыны күмәнсіз.
Бұл тақырып Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп арасындағы сайлауалды пікірталас кезінде бірнеше рет көтеріліп, оған жауап берілген болатын.
Шынтуайтында, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон: "АҚШ ДАИШ лаңкестік тобын ислам дінін жойып, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мақсаттарын жүзеге асыруы үшін құрған",- деп мойындаған еді.
Негізінде АҚШ екітүрлі стратегияны ұстану арқылы әлемнің әртүрлі аймақтарында, соның ішінде Таяу Шығыста өзінің заңсыз мақсаттары мен талап-тілектерін іске асыруды көздеп отырған ең басты мемлекет саналады.
Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан көмек көрсетуіне байланысты әрдайым әртүрлі қауесеттер айтылып келді. Сондықтан көптеген зерттеушілер, ойшылдар мен журналистер осы мәселенің түп-тамырын іздеумен айналысуда.
Осыған байланысты жарияланған құжаттардың бірі ретінде Болгарияның София қаласында шығатын "Труд" газетіндегі Диляна Гайтанжиеваның мақаласын атауға болады.
Бұл болгариялық әйел АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы мен НАТО-ның бақылауындағы АҚШ, Израиль режимі, Сауд Арабиясы, БАӘ-ның ДАИШ және Әл-Каида лаңкестік топтарына қару-жарақ жеткізу мақсатындағы құпия жоспарды әшкере етті.
Диляна Гайтанжиева сол мақаласын жариялап, ДАИШ лаңкестік тобына қару-жарақ жіберу тәсілі туралы ақиқатты айтқан соң жұмыстан шығарылды.
Бұл мақалада, сондай-ақ Ильхам Алиевтің осы саладағы тосын әрі көңіл аударарлық рөліне сілтеме жасалған. Болгариялық тілшінің хабарлауы бойынша, өткен үш жылдың ішінде әлемнің жер-жерінен соғыс жүріп жатқан аймақтарға қару-жарақ жеткізу мақсатында кемінде 350 дипломатиялық рейс жүзеге асырылған. Соның ішінде Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевтің үкіметіне тиесілі ұшақтар дипломатиялық рейстердің атын жамылып, лаңкестерге көптеген қару-жарақ пен ауыр оқ-дәрілерді жеткізіп отырған.
Оның айтуынша, Әзірбайжан Республикасының "Silk Way Airlines" әуе компаниясы лаңкестерге қару-жарақ жеткізу үшін Израиль, АҚШ, Сауд Арабиясы, БАӘ-ның көмегімен дипломатиялық рейстерді жүзеге асырған.
Осы арада Түркия үкіметінің лаңкестік топтарға, әсіресе ДАИШ-ке айтарлықтай қызмет көрсеткен мемлекеттердің қатарында екендігі айдан анық. Шындығында, Түркия президентінің НАТО ұйымына мүше бір елдің ДАИШ лаңкестік тобына көмек көрсеткені туралы құпияны ашуы Дамаск пен Бағдад үкіметтері басшыларының Түркия үкіметінің Сирия мен Ирактың қорғансыз халқын өлтіруде қатысы болғаны туралы айтқан жағдайда орын алып отыр.