Ресейде лаңкестік айыбымен Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары қамауға алынды
Қыр 03, 2017 20:47 Asia/Almaty
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекетті іске асырмақ болған Тәжікстан мен Өзбекстанның екі азаматын қамауға алғаны туралы хабарлады.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, Өзбекстан мен Тәжікстанның қамауға алынған азаматтары қыркүйектің бірінде Ресейде лаңкестік әрекет жасамақ болған. Олар лаңкестік шабуылдан кейін адамдарға оқ атып, шабуыл жасауды көздеген. Ұсталған адамның екеуі де ДАИШ тобының мүшелері. Олар лаңкестік әрекетті Құрбан айт күні іске асыруды жоспарлаған.
Тегтер