Мәскеу мұсылмандары Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынына наразылық білдірді
Кеше жексенбі күні жүздеген адам Мәскеуде Большая Никитская көшесіндегі Мьянманың Ресейдегі елшілігінің алдына жиналып, Мьянмадағы мұсылмандар геноцидіне наразылық білдірді.
"Известия" газеті веб-сайтының хабарлауы бойынша, наразылық шеруіне қатысушылар рохинья мұсылмандарына қолдау көрсету үшін ұрандар айтып, Мьянма үкіметінен мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттерді доғаруды сұрады. Дағыстан Республикасының бірнеше қаласында, соның ішінде Дербент қаласында рохинья мұсылмандарына қолдау көрсету мақсатында шерулер ұйымдастырылып, шеруге қатысушылар мұсылмандарға тілектестік білдірді.
Тамыздың жиырма бесінен бүгінге дейін Мьянма әскерінің Ракхайн облысындағы рохинья мұсылмандарына қарсы басып-жаныштау және зорлық-зомбылық шабуылдарының салдарынан жүздеген адам қаза болды.