Израиль режимі мен Мьянма үкіметінің әскери әріптестігі жалғасуда
(last modified Mon, 04 Sep 2017 14:38:55 GMT )
Қыр 04, 2017 20:38 Asia/Almaty
  • Израиль режимі мен Мьянма үкіметінің әскери әріптестігі жалғасуда

Сионистік режимнің ақпарат көздері: "Мьянма армиясы мен радикалды буддистердің осы елдің мұсылмандарына қарсы шабуылдары шарықтау шегіне жеткен шақта Израиль Мьянма үкіметін қарумен қамтамасыз етуін жалғастыруда",-деп жазды.

Сионистік режимнің "Гаарец" газеті дүйсенбі күні басып алынған Палестина жерінің қауіпсіздікті экспорттау бөлімінің басшысы Мишель Бен Барухтың өткен жаздағы Мьянмаға сапарына тоқталып: «Осы сапар барысында бұл елдің әскери кеңесінің басшылары Израильден соғыс қайықтарын сатып алғанын мойындады»,-деп жазды.  

Мьянма әскери кеңесі басшыларының бірі 2015 жылдың қыркүйек айында басып алынған Палестина жеріне барып, сионистік режимнің басшысы мен осы режим армиясы штабының басшысымен кездесіп, сөйлескен.

БҰҰ-ның стастистикасы бойынша, соңғы күндері 90000 рохинья мұсылманы Мьянма армиясы мен радикалды буддистердің шабуылдары үдеген соң Ракхайн провинциясынан бас сауғалап, қашып кетті.

Мьянма үкіметі 1 млн-ға жуық рохинья мұсылманын заңсыз жолмен келген мигранттар санап, оларға ешқандай азаматтық құқық бермейді. Мьянмадағы мұсылмандарды басып-жаншу әрекетінің күшеюі осы күнге дейін мыңдаған адамның қырылып, ондаған мың адамның өз үйлерін тастап, қашуына себеп болды.