Ресей Мяьнмадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
(last modified Mon, 04 Sep 2017 15:11:24 GMT )
Қыр 04, 2017 21:11 Asia/Almaty
  • Ресей Мяьнмадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мьянма үкіметі мен армиясының үнсіздігінің тасасында радикалды буддистердің рохинья мұсылмандарын қырып-жоюы жалғасып жатқандықтан, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жасап:

«Мьянмадағы жергілікті тұрғындардың құрбан болуы мен гуманитарлық жағдайдың ушығуына әкеліп соқтырған басып-жаншулар туралы ақпараттар қатты алаңдаушылық тудырып отыр»,-деді.

Ресей мәлімдемеде Мьянмадағы қақтығысушы тараптардың барлығын жағдайды жақсартуға,  БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан басқаратын арнайы комиссияның ұсыныстары бойынша әрекет ету мақсатында келіссөздерді бастауға шақырды.

Жексенбі күні Ресейдің Мәскеу мен басқа да бірнеше қаласында мыңдаған адам шеру өткізіп, Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынын айыптап, бұл қылмысты тоқтатуды, әлемдік қауымдастықтың қатаң реакция көрсетуін талап етті. 

Мьянмадағы қатыгездік әрекеттердің жаңа легі бір апта бұрын басталып, осы күнге дейін жүздеген адамның өлтіріліп, ондаған мың адам елден босып кетуіне себеп болды.

Шабуылдарды бастаған қарулы топ өздерін «Ракхайнды рохиньялықтардан тазарту армиясы» деп атайды.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі комиссиясы сенбі күні мыңдаған мұсылманның қатыгездіктен құтылу үшін жаяу немесе қайықпен Мьянманың шекарасынан өтіп, Бангладешке кіргенін хабарлады.