АҚШ Президенті Иранға қарсы айыптауларын қайталады
АҚШ Президенті Ираннан үркіту саясатын жалғастырып, тағы да ИИР-ын лаңкестікке қолдау көрсетіп отыр деп айыптады.
CNN телеарнасының хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Ақ үйде Кувейт әмірімен бірге өткізген баспасөз конференциясында америкалық басшылардың Иранға қарсы әдеттегі уәждерін қайталап: «Вашингтон аймақтағы араб елдерін Иранның қоқан-лоққыларымен күресте қолдайды»,-деді.
Трамп Кувейттің АҚШ-тан миллиардтаған долларлық қару-жарақ сатып алуға шешім қабылдағанына қуаныш білдіріп: «Аймақта бейбітшілікті нығайту Иранмен күресуді қажет етеді»,-деді.
АҚШ Президенті осы елдің Таяу Шығыс аймағында туындаған дағдарыстардағы рөлі мен Вашингтонның Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтарды қолдайтынына тоқталмастан: «Аймақтағы лаңкестік топтарды қолдап отырған ел – Иран»,-деген уәж айтты.