Путин Корея түбегі дағдарысының әлемдік апатқа айналу ықтималдығын ескертті
(last modified Fri, 08 Sep 2017 13:04:01 GMT )
Қыр 08, 2017 19:04 Asia/Almaty
  • Путин Корея түбегі дағдарысының әлемдік апатқа айналу ықтималдығын ескертті

РФ Президенті Владимир Путин: «Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық сынақтарына қатысты қазіргі дағдарыстың ушығуы әлемдік апатқа айналуы ықтимал»,-деп ескертті.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы текетірес соңғы күндері АҚШ Президенті Дональд Трамптың соғысқұмар қатынасына байланысты одан ары үдей түсті.  Путин АҚШ-тың  Солтүстік Кореяға салған санкцияларын әсерсіз деп атап,  санкциялардың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның әрекетіне әсер етпейтінін, дағдарысты шешудің жалғыз жолы келіссөздер екенін баса айтты. Шын мәнінде, Путин Солтүстік Кореяның   зымырандық және ядролық салада белсенділігін арттыруының АҚШ-тың осы елге қарсы қоқан-лоққылар деңгейінің жоғарылауымен тікелей байланысты екендігіне меңзеп отыр. 

Вашингтон аймақтық одақтастарының, әсіресе Оңтүстік Корея мен Жапонияның қауіпсіздігін сақтау сылтауымен  АҚШ-та Дональд Трамп билік басына келгеннен бері Корея түбегінде өз әскери құзырын нығайтып, «Тад» зымырандық кешенін орналастыру сияқты әрекеттерге кірісті. Бұл Пхеньянның қатаң наразылығына себеп болды. Солтүстік Корея Вашингтонның  Корея түбегіндегі әскери әрекеттерін өз қауіпсіздігіне қатер санап,  осындай қоқан-лоққылар тоқтатылғанға дейін өзінің қорғаныс қабілетін нығайтуды жалғастыратынын қуаттап отыр.

Ресейдің Әскери зерттеулер орталығының басшысы Дмитрий Корнеев, Солтүстік Кореяның кез келген шабуылға қатаң қарсылық білдіруге дайын екендігін мәлімдеді. Солтүстік Корея тарапынан сутегі бомбасы сыналғаннан кейін қазір ядролық саланың тығырыққа тірелгенін ескеріп, Путин: «Мұндай жағдайда әскери шешім жолын пайдалануға табандылық таныту еш нәтиже бермейді, тек әлемде апат тудырып, жазықсыз адамдардың қырылуына әкеліп соқтырады»,-деді. РФ Сыртқы істер министрі  Сергей Лавров та: «Вашингтон мен Пхеньян тарапынан әскери шешім жолын пайдалану туралы тікелей қоқан-лоққы жасалғанын ескерсек, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында әскери қақтығыстың болу ықтималдығы өте жоғары»,-деді. Мәскеу АҚШ пен Солтүстік Корея арасында ауқымды әскери қақтығыстың ықтималдығы мен оның апатты салдарларына ғана алаңдап отырған жоқ. Ресей басшыларының көзқарасына сәйкес, АҚШ-тың Азияның шығысында әскери құзырын жалғастыруы, соның ішінде Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы кешендер орналастырып, Оңтүстік Корея және Жапониямен бірігіп ауқымды әскери жаттығулар өткізуі, бәрінен маңыздысы  Азия және Тынық мұхиты аймағында әскерилерінің санын арттыруы Мәскеу мен оның одақтасы, яғни Қытайдың қауіпсіздігі үшін үлкен қатер тудырып отыр. Осыған орай Мәскеу мен Бейжің АҚШ-тың әскери құзырына қарсы шығумен бірге онымен күресу үшін практикалық шаралар, соның ішінде ортақ әскери жаттығулар өткізу, АҚШ-тың саясаттары мен шараларына саяси-дипломатиялық қарсылықтарын жариялау, әскери-қауіпсіздік саласындағы әріптестікті арттыру шараларын атқарды.  Мұнымен бір мезгілде Ресей мен Еуроодақтың Трамптың соғысқұмар қатынасына қарсы бірдей ұстаным білдіруі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі дағдарысты қарастыру қажеттігін қуаттауы біртіндеп Трамптың саясаттарына қарсы Батыс пен Шығыстағы халықаралық алпауыттардың жазылмаған дүниежүзілік коалициясы құрылып жатқанын көрсетеді. Шын мәнінде, қазір Мәскеу мен Брюссель Корея түбегіндегі қауіпты жағдай мен осы стратегиялық аймақта ауқымды соғыстың басталуының алдын алу жөнінде ортақ пікірге ие.