Ауғанстанның Парван провинциясында АҚШ-қа қарсы шеру өтті
(last modified Tue, 12 Sep 2017 13:49:35 GMT )
Қыр 12, 2017 19:49 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның Парван провинциясында АҚШ-қа қарсы шеру өтті

Ауғанстан халқының жүздеген адамы АҚШ әскерилерінің исламның құндылықтарын қорлауына қарсы наразылық шеруін өткізді.

Кабул облысының Қарабақ ауданындағы шеруге қатысушылар америкалықтарға қарсы ұрандар айтып, АҚШ әскери күштерінің исламның құндылықтарын қорлауын айыптады. Шерушілер Кабул-Парван күре жолын жауып, Ауғанстан үкіметінен исламдық құндылықтарды қорлайтын америкалық азаматтарға қатаң қатынас көрсетуді талап етті. АҚШ әскерилері өткен аптада халықтың арасына исламның ардақты елшісі Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) қорлайтын жарнамалық үндеухаттар таратқан болатын.