Түркия Ресейге С-400 зымырандық құрылғысын сатып алу үшін кепілақы төледі
Қыр 13, 2017 20:06 Asia/Almaty
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейге С-400 зымырандық құрылғысын сатып алу үшін кепілақы төленгені туралы хабарлады.
Түркия мен Ресей арасындағы құны 2 млрд 500 млн долларлық келісім екі елдің ең маңызды алғашқы қару-жарақ келісімі болып табылады. Түркия мен Ресейдің қару-жарақ келісімі Батыстың, әсіресе АҚШ-тың ашу-ызасына себеп болды. Сарапшылар Түркия мен Ресей арасындағы қару-жарақ келісімін шынтуайтында Түркияның одақтастары осы елден сырт айналғаннан кейін Анкараның Мәскеумен саяси және стратегиялық одақ құру жолындағы талпынысы санайды.
Тегтер