Агенттіктің ешбір тексерісі Иранның құпияларынан хабардар болуға сылтау бола алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i30743-Агенттіктің_ешбір_тексерісі_Иранның_құпияларынан_хабардар_болуға_сылтау_бола_алмайды
ИИР-ның Сыртқы Істер министрі Зариф: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша АҚХА-нің ешбір тексерісі Иранның құпияларынан хабардар болуға сылтау бола алмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 14, 2017 11:17 Asia/Almaty
  • Агенттіктің ешбір тексерісі Иранның құпияларынан хабардар болуға сылтау бола алмайды

ИИР-ның Сыртқы Істер министрі Зариф: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша АҚХА-нің ешбір тексерісі Иранның құпияларынан хабардар болуға сылтау бола алмайды",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф сәрсенбі күні Ресейдің Сочи әуежайына кірген соң журналистерге берген сұхбатта АҚХА-нің Иранның әскери орталықтарын тексеруі жайлы: "Қосымша протокол мен "Ортақ қадам" бағдарламасы бойынша ядролық белсенділіктер жүргізілуі мүмкін деген жерлер тексеріледі.

Осы уақытқа дейін АҚХА талай рет мәлімдегендей, ИИР жарияланбаған істерінің жоқ екендігін мәлімдеп, дұрыс әрекет етіп келді",-деп баса айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасы жөнінде Ресеймен ықпалдастығын айтып: "Ресей "Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасын қолдайды. Сонымен қатар екі ел халықаралық ұйымдар мен жан-жақты қарым қатынастарда бір-бірінің позицияларын қолдайды",-деді.