Украина Президенті мен Премьер-министрі Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуді қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i30819-Украина_Президенті_мен_Премьер_министрі_Иранмен_қарым_қатынасты_кеңейтуді_қолдайды
Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары Иран Сауда палатасының басшысымен кездесуінде елінің Президенті мен Премьер-министрі және Энергетика министрінің Иранмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 16, 2017 21:15 Asia/Almaty
  • Украина Президенті мен Премьер-министрі Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуді қолдайды

Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары Иран Сауда палатасының басшысымен кездесуінде елінің Президенті мен Премьер-министрі және Энергетика министрінің Иранмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.

Украинаға сапармен барған Ғоламхосейн Шафеи Киевте Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Галина Карпен кездесіп, сұхбаттасты.

Иранның Сауда палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафеи кездесу барысында Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Галина Карпен жүздесуінде:  "Украинамен тікелей әріптестік жасау және Еуропа аймағына кіру үшін бұл елдің айрықша жағдайын пайдалану Иранның күн тәртібіне қойылған.

Украинамен экономикалық қарым-қатынасты дамыту Иранның Еуроодақ елдерінің нарығына кіру жолын жеңілдетеді",-деп баса айтты. Украина Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Галина Карп та "Иран экспорты-2017" көрмесінің Киевте өтуін екі елдің экономикалық даму жолындағы үлкен қадам деп бағалап, сауда палаталарының экономикалық қатынастарды дамытуда әсерлі рөл атқаратынын қуаттады.