Түркия Германияның елшісін шақыртты
Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы Германия елшісі Мартин Эрдманды Германияның Кельн қаласында Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясы ПКК-нің жақтастарының шеруіне наразылық білдіріп, шақыртты.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Берлинді Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясына шеруге шығуға рұқсат бергені үшін сынады. ПКК-нің бірнеше мың жақтасы сенбі күні Германияның Кельн қаласында шеруге шықты.
Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздаг Берлинді ПКК мен Гюленнің жақтасы деп, Германияны лаңкестер үшін «жұмақ» атады.
Өткен айлардағы әртүрлі мәселелерге, соның ішінде Түркияның Конституциясына реформа енгізу референдум туралы үгіт-насихат жүргізуіне қарсылық білдіруге, Германияның Түркияда төңкеріс ұйымдастырушыларғаа пана беруі мен лаңкестерді қолдауына қатысты Германия мен Түркия арасындағы қайшылықтар Түркияда германиялық азаматтардың қамауға алынуымен арта түсті. Бүгінде Германияның 12 азаматы саяси айыптармен Түркияның абақтыларында жатыр.