«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жетістіктерінің әлсіреуіне жол бермеу керек
https://itolqyn.com/news/world-i30901
ИИР Президенті Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктеріне әлсіреуге жол бермеу керектігін айтып, барлық тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, басқа мүшелеріне өз міндеттемелерін толық орындауы қажеттігін еске салуға міндетті екендіктерін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 19, 2017 13:46 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жетістіктерінің әлсіреуіне жол бермеу керек

ИИР Президенті Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктеріне әлсіреуге жол бермеу керектігін айтып, барлық тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, басқа мүшелеріне өз міндеттемелерін толық орындауы қажеттігін еске салуға міндетті екендіктерін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясының аясында Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесіп, АҚШ-тың қазіргі үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты  әрекеттерін әлемдік қоғамды алаңдатуда деп атады. Рухани сонымен бірге Ирак тақырыбы және әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде Францияның Ирактың Конституциясы мен территориялық біртұтастығын қолдауының маңыздылығына  тоқталып: «Ирактың Күрдістан аймағының референдумы мен аймақ елдерінің географиялық шекараларды өзгерту әрекеті қатерлі әрі ешбір мемлекеттің мүддесіне сай келмейтін ұзақ мерзімді қақтығыстарға себеп болуы мүмкін»,- деді.

Франция Президенті Эммануэль Макрон де бұл кездесуде Париждің Теһранмен қарым-қатынастарын арттырғысы келетіндігіне тоқталып: «Франция «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толық іске асырылғанын қалайды. Осы келісім туралы келіссөздерді қайта өткізуді пайдасыз санайды»,- деп мәлімдеді.