Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады
(last modified Tue, 19 Sep 2017 09:26:14 GMT )
Қыр 19, 2017 15:26 Asia/Almaty
  • Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкиа Амано қайтадан ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселеге қатысты келісімге табанды екенін қуаттады.

Юкия Амано бұл халықаралық органның АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перри қатысқан отырысында Иранның «алтылық» тобы арасындағы ядролық келісімге табанды екендігін қуаттады. АҚШ үкіметі өткен апталарда Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзды деп айыптаған болатын. Ақ үй тіпті «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухына нұқсан келтірді, сондықтан АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі қазан айының ортасына дейін аталмыш келісімге қатысты ұстанымын жариялайды деп уәж айтқан болатын.

Өткен апталарда АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына ауызша шабуыл жасап, Вашингтоннан жүздеген  әрүрлі және қарама-қайшы дауыстар естілді. Мәселен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Трамп үкіметінің басқа мүшелерімен сөйлескенде Иранның техникалық тұрғыдан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болғанын мәлімдеді. Бірақ, «Иран Батыс Азия аймағының тұрақтылығын бұзуды жалғастыруда» деген уәж айтты.

Әлем мемлекеттерінің ядролық жұмыстарына бақылау жүргізетін ең жоғары органның Бас хатшысының сөзі АҚШ-тың дипломатиялық органы басшысының Иранның беріктігі туралы мойындауларымен бірге Ақ үйдіің ядролық келісімге ұстаным білдіруін қиындатты.

 АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың кеңесшісі Бен Родестің пікірінше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу АҚШ-тың басқа ядролық келісімдер жасауына қатысты беделін жояды».

Кейбір хабарлар Трамптың кеңесшілерінен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғаны туралы іс ұйымдастырып, дәлелдер табуды талап еткенін көрсетеді. Джордж Буш үкіметі Иракқа шабуыл жасау үшін бұл елде жаппай-қырып жоятын қару бар деген жалған мәліметтер жинастырып, нәтижесінде АҚШ саясаткерлері мен әлемдік қоғамдық пікір ащы оқиғаны бастан өткерді. Американың Иракқа жасаған шабуылдары салдарынан пайда болған қиратушылық пен бұл елден жаппай қырып-жоятын қарудың табылмауы әлемдіктерді ашы тәжірибемен бетпе-бет келтіріп, америкалық уәждерге сенім артуға қатысты күдік тудырды.

Осыған орай АҚШ-тағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы әсірешіл ағым Иран мен осы елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуын тікелей нысанаға ала алмай, Ислам республикасын аймақ пен әлем үшін қатерлі деп таныстыруда. Осылайша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға кедергі болмақ. Бірақ, бұл тактика Еуропа, Ресей, Қытай және әлемнің басқа елдерінің Иранмен ынтымақтастықтарын жалғастыруына байланысты осы уақытқа дейін нәтижеге жеткен жоқ.   Дәл осы мәселе кейбір саясаткерлер мен мамандардың Вашингтонның дұшпандық және сылтау іздеушілік ұстанымын жалғастыруының әлемде саяси салада оқшаулануы мен бұл елдің халықаралық шешімдерге әсер етуін төмендетеді деп ескертті.