Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың зияны АҚШ-қа тиеді
https://itolqyn.com/news/world-i30933
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуды халықаралық қоғам мен дипломатия және келіссөздерді әлсірету деп бағалап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың зияны АҚШ-қа тиеді»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2017 14:32 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың зияны АҚШ-қа тиеді

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуды халықаралық қоғам мен дипломатия және келіссөздерді әлсірету деп бағалап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың зияны АҚШ-қа тиеді»,- деп баса айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани  Нью-Йоркте АҚШ-тың сыртқы саясаты тұлғаларының бір тобымен кездесуінде ешбір тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзбайтындығына үміт білдіріп: «Егер халықаралық келісімдер бір адамның шешімімен бұзылатын болса, бұл әлемді талан-тараж, зорлық-зомбылық  және әскери билікке шақыру дегенді білдіреді»,- деді.

Рухани Иранның міндеттемелерін толық орындағанын және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі өзінің есептерінде мұны растағанына тоқталып: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, ИИР кез келген жағдайға дайын. Бұл жайында еш алаңдамайды»,- деп баса айтты.

ИИР Президенті «Иран басқа мәселелер бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын ба?» деген сұраққа: «Ислам революциясының жетекшісі  ресми түрде Иранның АҚШ-қа сенім артуының критерийін ядролық келісім деп жариялады. Егер АҚШ оны бұзса, АҚШ-пен басқа тақырыптарға қатысты келіссөз жүргізудің пайдасы болмайды» деп мәлімдеді.